lat: JÁRDEM
(пар. иардем ياردم) – қолғабыс, демеу, көмек.
Кәпірден қорлық көрсетпей, Маған жәрдем бер деді («Орақ Мамай», Батырлар жыры, 1989).
Аш-арыққа жәрдем қыл, Ақырет болсын есіңде («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).
Бұрынғы рауаят қылған рауаилар, Ақылбек жәрдем тілеп қалам алар («Таһир-Зүһра». Ғашықнаме, 1976).