lat: JÚK KONTEINERİ
көліктің бір не бірнеше түрімен онда орналасқан жүктерді аралық аударып тиеусіз, буып-түйілген немесе буып-түйілмеген жүктер тасымалын жеңілдету үшін құрастырылған көлік жабдығы.
Ол өздігінен ашылмауға тиісті, қайталап пайдалану үшін жеткілікті қатқыл және берік болуға тиісті және онымен жұмысты, әсіресе бір тасымал құралынан екіншіге немесе көліктің бір түрінен екінші түріне аударып тиеу кезінде, жеңілдетуші құрылғылармен жабдықталуға тиісті.
Кіші жүк контейнері – бұл оның сыртқы мөлшерінің (габаритінің) кез келгені 1,5 м аспайтын немесе оның ішкі көлемі 3 м² артық емес контейнер.
Кез келген басқа жүк контейнері үлкен жүк контейнері деп саналады.