ЖҮКТІҢ КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

lat: JÚKTİŃ KEDENDİK DeklarasıaSY

декларант беретін және тауарлар мен көлік құралдары туралы, олардың кедендік режимі туралы мәліметтерді және кедендік мақсат үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын құжат.

Жүктің кедендік декларациясы мынадай жағдайларда, егер тауардың декларацияланатын топтамасының кедендік құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тоқсан айлық есептік көрсеткіштен асса; тауарлардың қауiпсiздiгi жөніндегі талаптарды қоспағанда, тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары белгіленсе; Кеден кодексіне сәйкес көзделген өзге де жағдайларда беріледі.

Жүктің кедендік декларациясы алдын ала декларациялау кезінде, сондай-ақ уақытша немесе кезеңдік кедендік декларация ретінде қолданылуы мүмкін.

54 бағаннан тұрады, толтырылу тәртібі жеке бөлек нұсқаулықпен анықталады.