қой-ешкі, түйе малынан алынатын, шаруашылық және тұрмыстық бұйымдар жасауда қолданылатын өнімнің түрі. Жүн қойдан қырқу, түйеден жүндеу әдістерімен алынады. Жүн деген атау төрт түлік малға бірдей жалпылама қолданылғанымен әр түлік жүнінің қасиеттеріне, жасына, сипатына, кәдеге асуына қарай бірнеше түрге бөледі.