өсімдіктен май сығып алуға арналған ағаш құрал. Негізінен қыша, зығыр сияқты майлы дақылдардың дәнін сығу арқылы сұйық май алған. Ағаш ыдыстың түбінде майды ағызып алатын тесігі болады. Дәнді ыдысына салып, діңгекті ат, түйе, өгіздің күшімен айналдырғанда, дәндер жаншылып, майы бөлініп шығады. Осы майды тесіктің тығынын ағытып, құйып алады да, күнжарасын топанға, кебекке, жемге араластырып малға береді, отынға пайдаланады.