шылау. Сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырушы жалғаулық шылау. Тұтанатын қу алдық, От жағуға шақпаққа. Екі атқа сегіз тара алдық, Шеге, балға және алдық, Қағуға атқа қатқақта (О.Шипин, Дастан.). Талаптың өзі де түрлі-түрлі болады және сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен бірі өнерлі тұрлаулырақ келеді (Абай, Тол. жин.). Қой, сен мені арандатпа, жайыңа отыр, «даукесім», Ағайларға айтып қойып төбемді ойса қайтесің? – Өзің сонша жүрексіз бе ең, төбеңді ешкім оймайды, Және мұны Дариғаның өзі де айта қоймайды.. (М.Шаханов, Ғасырлар.). Мұхит жаққа асығады әр өзен, Сол бір ойы және қымбат және жөн. Мен Жалайыр Мұқылайдан артықпын, Қият нәсіл қағанмен тең дәрежем (Ж.Жұматаев, Ләйлә).