Жәрдемдес етістігінің қимыл атауы. Болам деп, болам-ау деп болмай жатып, Атаң да арғымағын қалды ойнатып. Біреуге жәрдемдесу қандай жақсы, Қолыңнан келе қалса ондай бақыт (Т.Молдағалиев, Шақырады.). – Айтқаным айтқан, жәрдемдесуден бас тартпаймын (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.). Ауылдағы ағайынға шындап жанымыз ашитын болса, барлық пәле нарықтан деп жарапазан айта бермей, адамзаттың басым көпшілігі ұстанған шаруашылық үрдісіне қайткен күнде де тезірек жетуге жәрдемдесуіміз қажет («Егемен Қазақстан»).