Жәрмеңке

lat: Jármeńke

Бұл неміс тілінің сөзі. Немісше jahr жыл және markt сауда деген сөз. Немістер жылында бір рет белгілі бір жерде ұлы-жиын сауда ұйымдастырып, оны Jahrmarkt деп атайды екен. Немістерден бұл сөз поляк тілі арқылы орыс тіліне ауысқан, мұнда сөз соңына жалғауы қосылып ярмарка түрінде қалыптасқан. Орыс тілінен бұл сөз өткен ғасырларда қазақ тіліне ауысқанда, қазақ тілінің фонетикалық заңына сай жәрмеңке болып енген. (Н.Қ.)