Жәрмеңкелі

lat: Jármeńkeli

сын есім. 1. Жәрмеңкесі бар, базарлы. Ол бұл сапарында жәрмеңкелі елде болып қайтты (Ауызекі). 2. ауыспалы мағына. Той-думанды, қызықты. Аулына жәрмеңкелі жыр әкелді, Сағынған Сағынғали, Жұбан бүгін (Қ.Бекхожин, Қайран жас.). Отыздағы махаббат Алау екен, достарым. Жәрмеңкелі салтанат Жалауы екен, достарым (Ә.Ахметов, Ашық аспан). 3. ауыспалы мағына. Азан-қазан, у-шулы. Көзін қайта ашып, жәрмеңкелі қаланың дағдылы жаңағы у-шуынан көңілін бұрып еді (Б.Аманшин, Көкжар).