Жәшік

lat: Jáshik

[орыс тілі. ящик] зат есім. Түрлі зат салуға арнап, тақтай я басқа заттан жасалатын төрт бұрышты ыдыс. Бұл уақытта Қасен бұрыштағы бір жәшікке отырып алған екен (М.Әуезов, Әңгім.). Сатан күндізгі көтеріп алып келген жәшігін қайта көтеріп жоғарыға шығарды (І.Жансүгіров, Шығ.). Кәне, тез ана жәшіктердегі снарядтарды әкеліңдер! деп Садуақас зеңбіректің қасына жүгіріп барды (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.). Әр жәшікте кітап та көп, көп шеге, Күш түседі мойын, қолға, өкшеге. Қабырғасы қайыспайды ешкімнің, Жығылмайды шалынысып кетсе де (Ж.Жұматаев, Ләйлә).