зат есім. 1. Жүйе, ыңғай, рет. Басын қатырып жүргенде, ж ө н білетін татарға кездесіп, еліне жету үміті туа қалды Есқараға (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Еңбек қылып, мал табудың да ж ө н і н солар біледі, салтанат, әсем де соларда (Абай, Тол. жин.). 2. Дұрыс бағыт, таза жол. Ақы берген, айтса көнген Тыныштық іздер елде жоқ. Аққа тартқан, Ж ө нг е қайтқан, Ақыл айтқан бенде жоқ (Абай, Тол. жин.). // Орынды, ыңғайлы. Адасқанның алды ж ө н, арты соқпақ, Оларға жөн арамның сөзін ұқпақ (Абай, Тол. жин.). 3. Мән, сыр. Есітсем үнін, Білсем деп ж ө н і н, Көп іздедім қаңғырып (Абай, Тол. жин.). Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, ғылым сол үшеуінің ж ө н і н білмек (Абай, Тол. жин.). 2. Жай, әншейін. Ж ө н жерге қыз бермейді Балта бабаң, Грубиян – әлің үшін бір тамам, Шаңменен, Сәметпенен құда болған, Япыр-ау, Құлжекеңмен біз-ақ жаман (Айтыс). 4. Орын, жағдай, реті. Алшынбай кірісіп аяқтап көрем деген соң, Майырдың да өктей қоятын ж ө н і жоқ (М. Әуезов, Таңд. шығ.). – Е, алса несі бар? Бәйгіні Ысқақ емес мен алатын ж ө н і м бар емес пе?– деді Ыдырыс жалтаңдап (С.Сейфуллин, Шығ.). Жеңгейге сәлем айтыңыз! Шашу апарып, құттықтайтын ж ө н і м і з де бар еді, қол тиіп бара алмай жүрмін (Ж.Аймауытов, Шығ.). // Дұрыс, ақиқат, әділ. Жалбарынып күн көріп, жақынын сатып, ж ө н көріп, Қалтаң-құлтаң амалдар (Абай, Тол. жин.). Бөжей өз ішінен: «Шариғат та ж ө н г е, шынға қарайтын шығар, ақай жоқ, ноқай жоқ, көрінгенге бұйда бере бермес» (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Ал енді Ысмағұл мырза өзінің ойындары мақсатын қалың мұсылманға қалай түсіндірмек, көңіліндегі мүддесін қалай естіртпек? Оларды қалай ж ө н г е көндірмек? (М.Дулатов, Шығ.). Менің білуімше, анау «соғыс тоқталсын» дегендікі ж ө н ғой деймін, – деді тағы Шалғынбай (I.Жансүгіров, Шығ.). Я, ж ө н і осы ғой, – деп күлімсіреді Зейнегүл (С. Мыңжасарова, Қыр қыз.). 5. Кім екендігі, шыққан тегі, аты-жөні, жай-жапсары. Ақсақал, ж ө н і ң і з д і айтыңызшы, кім боласыз?– дедім мен өтінген пішінмен («Лен. жас»). Сіздер қай жердің адамдарысыздар? Ж ө н д е р ің і з д і айтыңыздар. Бірақ өтірік айтпаңыздар (Ә.Шәріпов, Партизан.). Алдымен өз ж ө н і ң і зд і айтсаңыз деймін. Қайдан келіп, қайдан бара жатқан адамсыз? Қай жердікісіз (С.Сейітов, Сөз сұра.).