Жөндеу

lat: Jóndeý

Жөнде етістігінің қимыл атауы. 1. Түзету, өңдеу, реттеу, ыңғайлау. Жақсы шығарманы қалай жазу керек, сәтсіз туындыны қалай ж ө н д е у қажет деген сұраққа да жауап беруге тырысу керек (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). Жеуді білген батыр, оның ізін жасыруды да, документті ж ө н д е у д і де біледі (Б.Қыдырбекұлы, Ұры.). Бектұрсын екі қойып жіберген жұмысты ж ө н д е у д і ң ретін келтіре алмады (М.Дүйсенов, Мейман.). 2. Жөнге салу, түзету. Бұларды ж ө н д е й м і н деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ (Абай, Тол. жин.). Жөндеу базасы. Ауылшаруашылық техникаларын күрделі, жай жөндеуге қабылдап алатын мекеме. Бас инженер Разлидин Якубов аудан совхоздарындағы ж ө н д е у  б а з а с ы н ы ң жұмысына дән риза болды («Қазақст. комм.»).