зат есім. 1. Сала, тарау, желі. Екеуі орыс археологтарының жұмыстарын бір ж ү й е сөз етті (Біздің Мұхтар). Сембі шал баласының Асановпен бірге аңға барғанын, қасқыр атып алғанын сөз ж ү й е с і н е н аңғарды (З.Шашкин, Сенім). 2. Жөн, рет, тәртіп. Қой зор болып түйеден, құлын зор боп биеден, Сөз оралмай ж ү й е д е н, Бұзақы би боп тізілді (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Әр топқа бір-бір басшы сайланады, – деп Иван Павлович жұмыс ж ү й е с і н білдірді де, салмақты сұрау қойды (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен). 3. термин. <грек тілі. systema> Бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы. Философия тарихында ж ү й е ұғымы кейде онтологиялық мағынада, кейде гносеологиялық мағынада, ал кей уақыттарда осы екі мағынада да түсініліп келеді (ҚҰЭ). Классикалық неміс философиясының негізін қалаушы И.Кант ж ү й е ұғымына «бір идеямен біріктірілген, сан алуан білімдер бірлігі» деген анықтама беріп, оны гноселогиялық мағынада түсінген (ҚҰЭ). 4. Қандай да бір білімдердің (ұғымдардың, болжамдардың, аксиомалардың, ережелердің, теориялардың, ғылым білімдердің) шеңбері негізінде жататын принциптер жиынтығы. 5. Қандай да бір нысандардың әрекеттеріндегі, орналасуындағы немесе байланысындағы анықталған тәртіп. 6. Әлденені ұйымдастыру формасы. 7. Құрылымның, құрылғының типі. Бәрін әкімшілдік-әміршілдік ж ү й ег е итеріп салып, бұрынғы басшылардың сілікпесін шығарып сынағаннан ешкімнің мүйізі қарағайдай болған жоқ (Д.Қонаев, Өтті дәурен). Заман өзгерді! Бүкіл Кеңестер Одағында қоғамдық құрылым ж ү й е с і алмасты, социалистік реализм тарих сөресіне жайғасты, таным табиғаты өзгерді, постмодернизмнің өзі қилы-қиян белестерден өтті (З.Серікқалиұлы, Алтын жамбы).