Жүйке

lat: Júıke

зат есім. медициналық. <латын тілі. nervus> Құйқа тамыр, нерв; жүйке талшықтарынан құралған жүйкелік тіндердің шоғырлары. Ж ү й к е ми мен жүйке түйіндерін дененің басқа органдарымен және тіндерімен байланыстырады Ұ Э). Айбын, ашу, жоқ менде адам қанау, Менде жоқ жағымпаздық, табан жалау. Менде төзім, Сірә да, ж ү й к е м менің өгіздің терісінен жаралған-ау (М.Мақатаев, Шығ.). Кейбір арзан жеңістерден Қымбаттау Қай кезде де амандығы ж ү й к е м н і ң! .Мырзалиев, Мәңгі майдан).