педагогикалық. Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерінің бірі, ми қабығы жасушаларының жұмыс қабілетінің шегін, яғни олардың тежеулі күйге (тежелуге) өтпей не өте күшті, не ұзақ әсер ететін (күші болмаса да) қозуға төзе алатын қабілеті. Ж ү й к е ж үй е с і н і ң к ү ш і, сондай-ақ анализаторлардың сезгіштігімен де сипатталады: неғұрлым әлсіз жүйке жүйесі неғұрлым сезгіш те болады, сондықтан ол күшті жүйке жүйесінен гөрі қарқындылығы неғұрлым төмен стимулдарға үн қата алады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).