зат есім. Атты кісінің өз ырқына көндіру үшін жылқының басына кигізетін, ауыздығы мен тізгіні бар, қайыстан жасалған әбзел. Көрінгенмен құрдас болып, арсалаңдап жүретін Дүрмағамбеттің де иығы түсіп кетіпті. Қолында ж ү г е н і, жылқы жаққа бара жатыр (Ж.Аймауытов, Шығ.). Осыдан кейін оны (жылқыны) ық жерге әкеліп байлап, ауыздығын салып, ж ү г е н н і ң тізгінін жалға түйіп байлап, таң асырады (Қ.Салғарин, Қасапшылар). Тық еткен үзеңгінің қатқыл үні мен ж ү г е нн і ң жеңіл сыбдыры төңірегіне ғана емес, көктегі жұлдыздарға дейін жетіп жатқандай (Б.Нұржекеев, Жау жағадан.).