зат есім. Жарыста озып шығып, жүлделі орынға ие болған адам. Ғұсман Қосанов СССР спортына еңбек сіңген мастер, олимпиалық ойындарға қатынасқан бірінші қазақ спортшысы, Рим олимпиадасының ж ү лд е г е р і (С.Бердіқұлов, Жұмыр жер.). Бұл – 48 алтын және күміс медальдың ж ү л д е г е р і Қажымұқан Мұңайтпасұлының 73 жасындағы соңғы күресі болатын («Қаз. әдеб.»). Міне, осы құрбандық маусымында қасапшылар өз шеберлігімен көрініп, аса сойғыштар есімі аңызға айналған. Осындай жарыста озып шыққан ең ж ү л д е г е р і келесі жолғы құрбандықтың бас малын шалу құрметіне ие болған (Қ.Салғарин, Қасапшылар).