Жүн

lat: Jún

зат есім. 1. Жан-жануарлардың терісінің сыртын жауып тұратын түк, қылшық. Қойды жақсы бағып-күтсе, оның терісінің жақсы сапасы сақталады, ж ү н і де тез өсіп, сапалы болады (А.Еламанов, Қой шаруаш.). Төр жақта сырмақ үстіне салынған арқар терісі, ж ү н і ұзын сеңсең бөріктер жатыр (М.Әуезов, Шығ.). Жәукенің жаз бойы ж ү н і сабалақтанып жүретін ала төбеті бар (Б.Майлин, Шығ.). 2. Жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылатын қой, түйе жүні. Ж ү н талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады (ҚҰЭ). Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әртүрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой ешкі және түйе ж ү н і құнды шикізат болып есептеледі (ҚҰЭ). Ала қойда кінә жоқ ж ү нн е н басқа, Қойдан қашып шығыпты патша тасқа (Абай, Тол. жин.). Ерлер мінген шайқаста Құлындары биенің. Батырлардың киімі, Ж ү н і қойдың, түйенің (Пернедегі терме.).