Жүру

lat: Júrý

Жүр етістігінің қимыл атауы. 1. Бір жерге бару, қозғалу. Шөпке барам, деп Зейне ж ү р у г е қамданды (С. Бегалин, Уақыт.). Көп молла, шәкірт, мәзін, қарилер бұдан былай осы махаллада барлық ауырып өлген адамдардың үйлеріне қаптап барып, басқа үйлерге және қаптап ж ү р у л е р і н тоқтатсын (М.Әуезов, Шығ.). Жалықтырып, пыстырып, Ұшырып тозаң жел үрген. Қайта-қайта пысқырып, ж үр у д е н ат та ерінген (М.Мақатаев, Шығ.). 2. Бір жаққа беталу. Енді қайық ар жаққа ж ү р у г е айналды (М.Әуезов, Абай). Білеутіге бір қонып, Ойладық қамын ж ү р у д і ң, Жорғаға жайлап мінгізіп, Жарасын таңдым сұлудың (О.Шипин, Дастан.). 3. ауыспалы мағына. Өмір сүру, тіршілік ету. Ұлы тірі жандардың аты шығар, Шығысы бар бұл күннің батысы бар. Өйткені сен анасың, аналардың Мәңгі тірі ж ү р у г е хақысы бар (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Айқындалмас жақының мен алысың, Доссыз ж ү р у мүмкін емес сол үшін (М. Шаханов, Ғасырлар.).