lat: Júrı
[франц. jury] зат есім. Қазылар алқасы (жарысқа түскен адамдарға, әртүрлі шығармаларға жүлде немесе сыйлық беру үшін құрылған білгір, мамандар тобы).
Жюридің жеті мүшесі отырады екен. Әрқайсысы өз бағаларын қояды екен (М.Дүйсенов, Мейман.). Кәзіргі ойынның шарты: осында болса сол жігіттің кім екенін табу. Тапқан адам жюриден бәйге алады (К.Баялиев, Дегелек.). Арнап құрылған жюри барлық жаңа тақырыпқа жазылған пьесалардың ішінен осы екеуіне ғана тоқтады (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).