Жүр

lat: Júr

етістік. 1. Адам, мал, аң, тағы басқалардың аяғын басу арқылы бір жерден екінші жерге жетуі, бару. Алтын артқан бір есек Солармен келеді. Ол жай ж ү р с е, жұрт та жай, Ол желсе, жұрт желеді (Абай, Тол. жин.). Олар селоның шығысына қарай ж үр і п келеді (М. Иманжанов, Таныс қыз). Оралып адам мен мал ж ү р е алмайтын, Түйенің шудасындай қалың қияқ. Бұлақтың көзі шыққан қайнар жері Бұрқылдап аспанға атып тұр шымырлап (О.Шипин, Дастан.). Ж ү рг е н жүріс, Қаракөз, күлген күлкің, Жанған жүрек қасында болсаң, шіркін! Сені ойласам, Қаракөз, ас батпайды, Түнде ұйқым келмейді, күндіз күлкім (Ә. Найманбаев, Шығ.). 2. Пойыз, мәшине, трактор т. б. техникалардың мотор күшімен орнынан қозғалып, ілгері қарай жүйткіп кетуі; қатынау. Алматыдан шыққан асфальтты жол селоны қақ жарып өтеді. Республика астанасы мен арада үздіксіз автобус ж ү р і п тұрады (С. Шаймерденов, Мінез). Келген соң көктем күлімдеп, Трактор ж ү р д і гүрілдеп (К.Әзірбаев, Өлеңд.). 3. Бір жаққа бет алу, жолға шығу, сапарға аттану; кету. Сол әскер суды өрлеп талай ж ү р д і, Судың басы бір құзар шатқа кірді, Судың басы бір құзар шатқа кірді Шаттың аузын бекіткен алтын қорған Қақпасы бекітулі, көзі көрді (Абай, Тол. жин.). Мен ж ү р е й і н қош, қарағым! – деп Сатан түрегеліп, домбыраны орнына қыстырды (I.Жансүгіров, Шығ.). Зылиқаны ала алмай, Сұмның іші күйеді, Жолдасымен екеуі Еліне қарай ж ү р е д і (О.Шипин, Дастан.). Деген соң қуғыншылар қайтты налып, Өкініп: «қап-қап!» десіп, қайран қалып. Бет алып кейін қарай ж ү р е берді, Қойғанын қайдан білсін қапқа салып (О.Шораяқов, Шайыр). 4. Механизм тетіктерінің іске қосылуы, жұмыс істеуі; қозғалу. Жәшік сумен ағып келіп, бір шалдың диірменінің кіндігіне оралып, диірмен ж ү р м е й қалады (Қаз. ертег.). Қабырға сағат сыртылдап ж ү р і п тұр («Лен. жас»). 5. Карта, шахмат, дойбы т. б. ойындарда кезегі келгенде ойнау; тасын (фигурасын) қозғау. – Доктор! Ат бұл араға келе алмайды ғой – Ах, кешіріңіз. Мен тіпті қате жүріппін ғой. Доктор атты екінші рет ж ү р д і (Т.Әбдіков, Күз.). 6. Қозғалу, жылжу. Қырсыққанда мұздың бетінен қызыл су ж ү р і п, енді-енді ғана қаймықшып қата бастаған екен, амалым таусылып тұрып қалдым (О.Бөкеев, Біздің жақта.). 7. ауыспалы мағына. Өмір сүру, тіршілік ету. Жез қанат күміс бауыр киік көрдім, Дәруі сол ма дерсің күйік-шердің. Жез марал ж ү р е д і екен арасында Қаптаған Бетпақтағы киіктердің (К.Салықов, Жезкиік). Басынан бағы тайған күн Көлбеңдеп ж ү р г е н гөзелдер Қоңсының болды малайы. Кемтарлық ердің кеуілін Айналдырар қапасқа Жоқтықтың басса лайы (Базар жырау, Шығ.). Көп ж ү р м е с жеңісқойлық әлі-ақ тозар, Жаңғырар жеңсік құмар жатқа қозар. Күнде көрген бір беттен көңіл қайтар, Қылт еткізбес қылықты тамыршы озар (Абай, Тол. жин.). 8. ауыспалы мағына. Көңілі жақын болу.– Әй, Мәкіш, болды ғой енді. – Болмайды, болмайды Мені сүйріктей етіп үйде ұстап отырып, үстімнен біреулермен ж ү р е с і ң! (Е.Домбаев, Ол. адам.). – Арақ ішпейді, шылым тартпайды, қыздармен ж ү рм е й д і, – деп кекеп, айғай салды (З.Шашкин, Өмір.). Әлжанов Ыбырай, ер Әлжан, Молдабек, Қасым, Кішкенмен – Ж ү р д і ерлер гулетіп, (О.Шипин, Дастан.). «Миколай соққан селкебайдай әдемі», Шота десек, жайнар сәулет әлемі. Алпыс қатыналса да Абылай атасы, Қасында ж ү р жалғыз ғана әйелі (К.Салықов, Жезкиік). 9. ауыспалы мағына. Өтпеу, іске аспау. Оған Құдай тағала айтып па, көптен қалмасаң болады деп, көпке қаһарым ж ү р м е й д і деп (Абай, Тол. жин.). Оқып көріп байқасын, мағынасы ішке кіре ме? Ұрлаған сөз деп айтасың, Сөз ұрлыққа ж үр е ме? (Абай, Тол. жин.). 10. Толық мағыналы етістік сөздермен тіркесіп келіп, шақтық мағына үстейтін көмекші сөз. Шырылдауық шегіртке Ыршып ж ү р і п ән салған, Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған (Абай, Тол. жин.). Бірсыпырадан бері бұл хабар жұрт аузына ілігіп ж ү р (Б.Майлин, Азамат.). Оның есесіне қыстыгүні сорпаға, көжеге сарқасқа қылып құрт езіп, тойып алса, қора ішіне камзолмен көйлекшең шыққанда бойы қыз-қыз қайнап ж ү р е д і (Ж.Аймауытов, Шығ.).