Жүрегі жарылу

lat: Júregi jarylý

Қатты қуанғаннан ішін сезім кернеу, толу. Ұйқыдан көзін ашып хан оянды, Сөзіне пайғамбардың мейірі қанды. Ашылып шекер, шәрбат, нұр жайнап тұр, Жүрегі жарылуға тез таянды. Аллаға сыр ашады, сәжде қылды: «Артымда болады екен ұл баянды» (Ә.Найманбаев, Шығ.).