Жүрек альтернациясы

lat: Júrek álternasıaásy

жүрек етінің күшті жиырылуының əлсіз жиырылуымен алмасып отыруымен сипатталатын жүрек қызметінің ақауы. Жүрек етінде терең өзгерістер туындаған жағдайда байқалатын құбылыс. Оны жүректің толу деңгейіндегі ауытқулармен немесе жиырылу процесімен кейбір ет талшықтарының мезгіл-мезгіл қамтылмай қалуымен түсіндіреді.