Жүрек автоматизмі

lat: Júrek avtomatızmi

жүректің өзінде туындаған импульстер əсерімен ырғақты жиырылуы. Жүрек автоматизмінің негізі болып жүректің өткізгіш жүйесінің бейқалып («атиптік») ет торшалары (Рторшалар) табылады. Өткізгіш жүйе құрылымдарында диастола кезінде мембрана баяу деполяризацияланады да, өздігінен қозу процесі туындайды. Қалыпты жағдайда қозу тек синоатриальдық (Кейт-Фляк) түйінде пайда болады.