Жүрек және қан тамыр неврозы

lat: Júrek jáne qan tamyr nevrozy

медициналық. Жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Ж ү р е к ж ә н е қ а н т а м ы р н е в р о з ы үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы жалпы невроз (неврастения, истерия т.б.). Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады (ҚҰЭ). Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Ж ү р е к ж ә н е қ а н т а м ы р н е в р о з ы екінші тобы гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысынан ауруға шалдығуынан пайда болады (ҚҰЭ).