Жүрекше

lat: Júrekshe

зат есім. анатомиялық. <латын тілі. atrium> 1. Жүректің қан келіп құятын бөлімі. Жүректің іші қуыс, бұлшық ет, оның әрбір жартысы өзара байланысқан екі бөлімнен жоғары ж ү р е к ш е мен төменгі қарыншадан тұрады (Р.Сәтбаева, Гипертония). Оқ ж ү р е к ш е жиырылғанда қан оң құлақшаға келеді де, одан өкпе артериясы арқылы өкпеге құяды (Р.Әбуғалиев, Қой өсіруші.). 2. қолөнер. Тұрпаты жүрекке ұқсас ою түрі. Былғары бөріктің өзі де өрнектеле оюланып, ай мүйіз оюлардың ж ү р е к ш е л е р і н е жалт-жұлт қаққан аса қымбат жаһұт тастарын тізіпті (А.Алтай, Алтай.).