зат есім. Әртүрлі автокөліктің (мәшине, троллейбус, автобус, т.б.) айдаушысы. Осында бір автотресте ж ү р г і з у ш і болып істейді. Оның әйелі Ақшолпан да орта білімді маман (А.Байтанаев, Қансонар). Диірменнің иесі Бойковпен бірге машинаны ж ү р г і з у ш і де қашып кеткен екен. Екі жүз аттың күші бар үлкен машина (С.Шарипов, Бекболат). Қызылорда автокомбинатының Ленин орденді ж ү р г і з у ш і сі Ыспандияр Әлмұрзаев («Білім және еңбек»).