lat: Júristi
сын есім. Жүрісі қатты, жүргіш, аяңшыл. Ат қанша ж ү р і с т і болғанмен, алшақ ауылдардың арасындағы керік дала және ашық күнде көзді ұялтатын әппақ дала адамды жалықтырып жібереді екен (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). Бұрынғыдай күні болмай, шабыстан қалған торы ат әлі де ж ү р і с т і еді (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті). Жануар бір-ақ рет құлындады да, қайтып үйірге қосылмай саяқсып кетті. Қаракер секілді ж ү р і с т і, жалы майда, сүмбіле болатын (О.Бөкеев, Ұйқым.).