Жүзу

lat: Júzý

Жүз етістігінің қимыл атауы. Ағынға қарсы ж ү з у дегеннің кейде өзіңді күтпеген жерден осылай қолайсыз жағдайға қалдыратыны бар (З.Серікқалиұлы, Алтын жамбы.). Ертай баяу малтып келеді, ұлы теңізде ж ү з у ауыр екен (З.Шүкіров, Ғажайып.). Ойнасам деймін толқынмен, Үйренсем деймін ж ү з у д і (Т.Исабеков, Мөлдір.).