Жүз

lat: Júz

зат есім. Кесу не шабу құралдарының өткір жағы. Өткірдің жүзі, Кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан надандар бәхра ала алмас (Абай, Тол. жин.). Түнгі шыққа жіпсіп жатқан қырықбуын аралас қияқ шалғының жүзі тиер-тиместен, сырылдап барып мұрттай ұшады (О.Бөкеев, Ұйқым.). Содан соң жоғарыда айтқан өңешпен бірге суырылған қыл кеңірдектен (кей жерлерде ағаш кеңірдек деп те атайды) ұстап, жоғары тартып тұрып, пышақ жүзі н і ң демеуімен омыртқаға, яғни арқалыққа жабысқан жігі ашылады (Қ.Салғарин, Қасапшылар.). Серт қылыштың жүзінде, Бұрылмас мойын жан-жаққа; Серт найзаның ұшында, Айласын тап, алдатпа! (Дулат Бабатайұлы, Замана.).