Жүз

lat: Júz

сан есім. Тоқсан тоғыздан кейінгі есептік сан, он ондық. Жүз жылдан бұрын да, содан кейін, дәл бүгінгі күнге шейін де, ұлға тұсау, қызға бұғау болған ел заңы, осы екеуін ат құйрығына байлатып, сүйретіп өлтірткен (М.Әуезов, Шығ.). Жүз қадамдай қалғанда, Әлгі нәрсе қалқиып түрегелді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Қазақ қойының жүнін саудагерге бес теңгеге берсе, сол жүнді мата (кездеме) болып тоқылғанда, ж ү з теңгеге алады (С.Садуақасұлы, Таңд.).