зат есім. этнографиялық. тарихи. Қазақтардың байырғы кезде жер ыңғайы мен ру-тайпалық жақындығына қарай үшке бүлінген тарихи бірлестігі. Қазақ хандығындағы жүз деп аталатын аймақтық-әкімшілік құрылым ұзақ уақыт бойы кең байтақ аймақты басқарудың, сырттан қатер төнгенде шұғыл жасақ жинап, қорғаныс ұйымдастырудың тиімді тетігі болып келді (ҚҰЭ). Миға тамақ, жүрекке сусын беріп, Даңқы кеткен ақын көп бұл үш жүзде, Қазақтың өміріне айна болған, Өмірге илһәм құйылар жайда болған (С.Торайғыров, Алаш).