Жүз

lat: Júz

етістік. 1. Балықтың су ішінде жүзуі, қанат-құйрығының күшімен арлы-берлі қозғалуы. Балық үнемі суда қозғалыста болады, суда еркін жүзіп жүреді (С.Қаженбаев, Балық кәсіп.). Суда  жүзген нән балық Шағалақ құсқа жем болар Үзілсе көлдің сағасы (Махамбет, Өлеңд.). 2. Су құстарының су бетінде бауырын төсеп, аяғын қозғап, арлы-бері қалқуы. Көрсеңіз Жасыбай көлі қандай ғажап, Айналайын тау ағаш алған қоршап. Ортасында жаратқан Аралтөбе Ж үз е д і қаз бен аққу тамашалап (М.Әмірбеков, Белес.).Сол қыстақтың көшелерінде қаз-үйректер ж ү з е бастады (Жілеков, Қайнар). 3. Адамның қол-аяғының қимылымен батып кетпей су бетімен ілгері жылжуы, малтуы. Ж ү зг е н д е Бәтішті көрген адам не перінің қызы, не аққу деп білер еді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Тарқатылып кеткен қара шаштар толқынданып, еркелеп кеп арқаларын жауып, ақ төстерін суға төсей, көсілтіп жүзіп жүр еді (Ғ.Мүсірепов, Тұтқын қыз). 4. Қайықтың, кеменің су бетінде қозғалып жылжуы. Қайықтар жапа-тармағай жүзіп барады (К.Тоқаев, Көмескі із). Еділдің бойы бұйра тал Кемемен қалқып келеміз. Көңілде күйлі толқын бар, Жүзеді жылжып кемеміз (Ж.Сыздықов, Асу.).