Жуу

lat: Jýý

Жу етістігінің қимыл атауы. 1. Суға шайып, кірін кетіру, тазарту. Қара қыз қорықса да, иба қылып ұялса да төмен қарап, кесе ж у у м е н болды (Б.Майлин, Шығ.). 2. сөйлеу. Жаңа нәрсені, ие болған олжаны дастарқан жасап, атап өту. Басқа анау-мынауды қойып, жаңаны ж у у керек қой енді! деген ұсыныс та естіліп қалды (Ж.Алтайбаев, Сыпырғыш).