зат есім. 1. Баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, әртүрлі құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі. 2. Белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы. 3. Баспасөз тарихын, теориясы мен тәжірибесін зерттейтін ғылым саласы (ҚҰ Э). Жазушылықты ж у р н а л и ст и к а д а н бастаған Максим Горький 1895–1896 жылдары «Самарская газета» редакциясында қызмет атқарады («Қаз. әдеб.»).