[ағылшын тілі. journal] зат есім. 1. Айына немесе екі айда бір рет шығып тұратын мерзімді басылым. Баспасөз орындары көбейді. Жүздеген газеттер, ондаған ж у р н а л д а р шықты (С.Мұқанов, Өсу жол.). Өткен жылдан бастап Алматыда жас жазушылардың шығармаларын басатын арнайы «Жалын» деген ж у р н а л шыға бастады (Ә.Шәріпов, Қапаста.). 2. Белгілі бір мәліметтерді, қаулы-қарарларды және мектеп оқушыларының үлгерімін, сабаққа қатысуын белгілеп отыратын кітапша немесе дәптер. Ондай кіріс-шығыс ж у р н а л д а р ы бұларда да бар (С.Мұқанов, Өмір мектебі). Мәліметтерді арнаулы ж у р н а л ғ а тіркеп, онда молюсканың түрі, жарған уақыты көрсетіледі (К.Уәлиев, Мал ауру.). – Батыровалардың тууы жайлы жазылған ж у р н а л д а р ы н ала келсін,– деп тапсырма берді (М.Қосшығұлов, Шындық.).