Журнал-ордер

lat: Jýrnal-order

экономикалық. Операциялардың хронологиялық тіркелімі жинақтамалы есеп және жекелеген реттерде талдамалы есеп түрінде жасалатын есеп тізілімі. Ж у р н а л-о р д е р шоттар кредиті бойынша жүргізіледі, онда корреспонденцияланатын дебеттелуші шоттар көрсетіледі, жазба бастапқы құжаттар мен қосымша жинақтаушы тізімдемелер негізінде жазылады (Қаз. тілі термин. Экономика.). Айдың аяғында есептелген қорытынды ж у р н а л-о р д е р д е н Бас кітапқа көшіріледі (Қаз. тілі термин. Экономика.).