зат есім. өсімдік. 1. Ащы дәмді, көкшіл-бозғылт түсті аласа өсетін шөп. Олардың қар теуіп, қаужаңдап бетеге, жауылша, ж у с а н д ы аршып, аузы шөмшеңдеп жегені де қызық (Ж.Аймауытов, Шығ.). Ұзарып сорайған селеу мен бозғыл көде, ж у с а н бәрі де жел лебімен қалтырайды (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Көкпек пен ж у с а н қойдың сүйсіне жейтін шөбі (Б.Жамалов, Торғай түлегі). 2. <латын тілі. artemisia> Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер не шала бұта. Қазақстанда ж ус а н н ы ң 81 түрі бар. Биіктігі 10-60 см, кейде 1,2-2 м-дей болады. Ж у с а н н ы ң 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал дәрмене түрі Қазақстанда ғана өседі (ҚҰ Э). Ж ус а н дүниежүзіндегі ең ащы өсімдік, сондықтан халық оны барлық ащы нәрсенің теңеуіне қолданады (С.Сұбханбердин, Дәрі – дауа.).