етістік. 1. Жуу, тазарту. Құйым келе сала Айбөкеннің жарасын ж у ы п-ш а й ы п, жейдесімен таңып берді (Қаз. ертег.). Қанипа өзіне бекітілген кластарды ж у ы п-ш ай ы п, кештетіп бір-ақ келді («Қаз. әдеб.»). 2. ауыспалы мағына. Кінәні, сөзді жұмсарту, жеңілдету. Әнеукүні жаман шүкей асыққа бола сабап тастағанына енді өзі өкініп, сол кірбіңді ж у ы п-ш а й ғ ы с ы келеді (Ш.Мұртаза, Интернат.). Шалдың қыңырлығын ж у ы п-ш а й м а қ болып, қайсы бірі ыңылдай бастады (Т.Әлімқұлов, Сейтек.).