Жуық

lat: Jýyq

үстеу. 1. Жақын, таяу, тарта. Сәлемін алды, шал да амандасты, Қасына   ж у ы қ келіп жақындасты (Абай, Тол. жин.). Өмірдің алды ыстық, арты суық, Алды ойын, арт жағы мұңға ж у ы қ (Абай, Тол. жин.). Тәулікке ж у ы қ поезбен жүріп келеміз (М.Әуезов, Индия очерк.). Ожардың әлі қайтпағанын білетін Байтабын, таңға ж у ы қ қалғанда «Алтыншашқа не болдыдеп шыдай алмай ұрлана келіншектің үйіне қарай беттеді (I.Есенберлин, Қаһар). 2. Шамалас, тарта. Бар малдары мен отызға таяу қыз-келіншектерін, елуге ж у ы қ жігіттерін байлап-матап алып, кеше өзінің ордасына жүріп кетеді (I.Есенберлин, Қаһар). Семей облысының шаруашылықтарында төрт миллионға ж у ы қ мал қыстатылғалы отыр («Лен. жас»).