ЖІКТЕУ ҚОҒАМДАРЫ

lat: JİKTEÝ QOǴAMDARY

Кемелерді жіктеумен және оларды салыну барысында қадағалаумен айналысатын ұйымдар. Жіктеу қоғамдары кемелер құрылысының ережелерін және олардың техникалық беріктігінің нормаларын әзірлейді. Кеменің класы жіктеу куәлігімен куәландырылады. Ең әйгілі және беделді шетелдік жіктеу қоғамдары: Ллойд тізімі (Lloyd's Register of Shipping) Ұлыбритания; Веритас бюросы (Bureau Veritas) Франция; кеме қатынасының американдық бюросы (American Bureau of Shipping) АҚШ; Итальяндық тізім (Registro Italiano) Италия; Норвегиялық веритас (Norske Veritas); Шведтік Ллойд (Svensk Lloyd); Германдық Ллойд (Germanischer Lloyd) Германия; Жапондық теңіздік корпорациясы (Japanese Marine Corporation).