етістік. 1. Бір жерге топтау, басын құрау. Марқабаев взвод командирлерін ж и ы п алып, бес минуттік кеңес өткізіп, бұйрық берді (Ж.Тілеков, От кешу.). Үш-төрт әйелді ж и ы п, Жүніс мұғалім сабақ беріп отыр (Б.Майлин, Шығ.). Жанына ж и д ы ер Жәкең, Халықтың жарым-жартысын Қос-қопа, жарық қоға үшін, Ағайын-туған аға үшін (О.Шипин, Дастан.). Жауыздық тамырын қияйық, Қулардың аранын тияйық, Ақ ниет азамат ерлерді, Бір тудың астына ж и я й ы қ (С.Сейфуллин, Өлеңд.). Шындыққа қызықпай ма ақын ж и ғ а н, Ол шықса қорытылып ақыл-мидан. Көз көріп қолмен ұстап, қоса жүріп, Қабыл ал, кейінгі ұрпақ, тартқан сыйдан (Е. Бердин, Қанды асу.). 2. Бір нәрсені молайту, қор жасау. Қарық етіп күнде алдынан үміт шіркін, Әр жерде қалған менің ж и ғ а н мүлкім. Талаптың сапарында жүрмін жортып, Сағына соғып саған дүркін-дүркін (Т.Әлімқұлов, Боз жорға). Бекінді жаудың көбі жардан үңгіп, Жарық қып жар астынан ашты түндік. Пеш салып, есік салып, қада қағып, ішіне отын, тамақ ж и д ы жылдық (О.Шипин, Дастан.). Пайда деп, мал деп туар ендігі жас, Еңбекпен терін сатып түзден ж им а с, Мәліш сауда сықылды күлкі сатып, Алса қоймас, араны тағы тоймас (Абай, Тол. жин.). Секілді ж и ғ а н қаздың жұмыртқасы, Назар сап, қарап тұр сақ биік белден. Сұңқылдап сан музыка жатыр ойнап, Құлақ сап, тыңдай қалсаң айдын көлден (Ғ. Қайырбеков, Қосбасар). Дүниеге көңілің алаң, күдіктенбей, Тозаңнан тұтып жатқан сілкінбей-ақ. Артыңа жастан ж и ғ а н қалар мүлкің, Алдаушы салдақықар шіркіндей-ақ (О.Шораяқов, Шайыр). // Жинақтау, көбейту. Ұстаса бірін «мамалап». Қуанып үйге келеді; Сарысын, ағын саралап, Кітапқа ж и я береді (А.Шамкенов, Сағат). 3. Қолға түсіру. [Экспонат] Барлық Индияның көп жерлеріндегі қолөнер табыстарын ж и ғ а н (М.Әуезов, Индия очерк.). 4. Бір заттың жеке бөлшектерін біріктіру, құрау. Станоктың жекежеке бөлшектерін ж и ы п қойдым (Ауызекі). 5. Егінді орып, басып жинап алу. Егінді ж и ы п алысымен, қасына дүкеншіні ертіп алып, үкіметтен астығымызға бұйым аламыз, – деп арба жегіп алып, Мақсұт жөнеледі (Б.Шалабаев, Өмірде.). Егінді орып ж и ғ а н жан, Күн-түні қырман басында. Сыпырып терін маңдайдан, Жұмыста кәрі, жасы да (Т.Жароков, Таңд.). Түнменен талас дән ж и ғ а н, Комбайн екен жүздеген. Осылай шықты алдымнан, Мекенім менің іздеген (Ғ.Қайырбеков, Қосбасар). 6. Бір нәрсені ретке, тәртіпке келтіру, Жинастыру. Қонақтар төрге шығып отырғанда, үй ішінде бұлардың көрмек болып келген қызы – Жәмила төсек ж и ы п жүр еді (М.Әуезов, Қараш.). Қабағын қарыс жауып, Биқасай масаханасын ж и я бастады, ж и я жүріп өзінен-өзі сөйлеп жүр (Ж.Жұмақанов, Жазылм. кітап). Мамама сыр бермейін деп, ер-тоқымымды әкеп босағаға ж и ы п қойдым (Б.Соқпақбаев, Менің атым.). Шала ж и ы п дастарқанды, Қоштасарда сәл кідіріп, Сақтаймыз деп Ұлы Отанды, Қан майданға кеттік жүріп (Қ.Аманжолов,Таңд.). 7. Берілген қарызды қайтарып алу. Саудагер несиесін ж и я келгенде, тапқаным осы, біттім деп алсаң ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба? дейтұғыны болушы еді ғой (Абай, Тол. жин.). 8. Тартып алу, жинап алу. Су бүркіп, «Уһ!» дегенге келгеннен соң, Баяғы ат артына тағы таңды. Дұспаннан түк тартса да олжа деген, Торсықты сусын құйған ж и ы п алды (I.Жансүгіров, Шығ.). 9. Денені ықшамдап жиырып алу. Ертеде адамзаттың ұшқыр қиял, Шындықты ертегі қып ойға сияр: «Бар, – депті – жерді ораған бір айдаһар, Денесін түнде созып, күндіз ж и я р» (С.Мұқанов, Шыңнан шыңға). 10. Бір заттың шетін бүгу [бүру], көмкеру. Жағын жібекпен ж и ы п, ұсақ меруерттер тізген екен, ақ торғын жаулықтың ішінде уылжыған жас әйел үріп ауызға салғандай (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). 11. Біреудің киім-кешегін реттеп жолға, не бір жерге әзірлеу. Мен үйге келе сала Асанды жолға ж и д ы м (Ауызекі). 12. Өсімдікті сабағынан үзу, теру. Қыз да өссін гүл ж и ы п, Көкірекке нұр құйып, Соғыс өрті шалсын деп, Айтар мұны кім қиып (Т.Шопашев, Жастық лебі). Кеудеме мол ғып, тағам деп, Құшақтап ж и д ы м түз гүлін. Тайыңмын сенің, шабам деп, Тарта алмай қойған тізгінін (Қ.Мырзалиев, Бұлбұл.). 13. ауыспалы мағына. Мәлімет, ақпар, өсек теру, есту. Шөп жинамай өтірік ақпар ж и с а, Кей басшыдан болса да кетпей ме ар (Ақын жырлары). Бар осындай арада, Қалмай жүрген ескілік, Үйден үйге қыдырып, Өсек ж и я р кешкілік (X.Өтеғалиева, Ана жыры). 14. ауыспалы мағына. Рухани күш, қабілетті бір арнаға келтіру. Бостандықтың бораны бар жүректе. Шын бақыттың ұраны бар жүректе, Бостандықтың туын ұстап көңілім, Бостандықтың күшін ж и д ы м білекке (Ө.Тұрманжанов, Менің кітаб.). Немересі қалада, Тым алыста тұрады. Сәуле ж и м а й санаға Басылмайды құмары (С.Мәуленов, Алыс кет.). 15. ауыспалы мағына. Ысырып тастау. Сарқып білім бұлағын, Ж и ы п қойып арманды, Онжылдыққа бір адым, Жете алмай ол қалған-ды (А.Шамкенов, Жайлау күні.).