Жидек

lat: Jıdek

зат есім. 1. Таңқурай, бүлдірген, құлпынай өсімдіктері жемісінің жалпы атауы. Ол айтты: «Андрейдің құлымын деп, мақтанбаймын біреудің ұлымын деп. Балаң көріп сабады ұстап алып, Қара ж и д е к ұрлаған ұрысың» деп (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Мұнда жұпар иісті 412 жабайы құлпынай көп. Ж и д е г і ұзынша-сопақ тау емес, қызғылт түсті домалақ (Б.Мұханов,.. Пайдалы өсімдік.). Бүлдірген, балдан тәтті жаз ж и д е г і н, Термесе жас балаға несі ойын (Айтыс). Бір күні қыз өзінің үңгірінен шығып, таудың бөктерінде ж и д е к теріп жүргенде, хан көріп қалып, қызына қарай айқайлап жүгіреді (Қаз. ертегі.). Құлпырған жердің беті шешек атып, Ән салып шыбын-шіркей ызыңдатып. Қып-қызыл манардай боп піскен ж и д е к, Сай-сала жұпар исін тұр аңқытып (И.Байзақов, Таңд.). 2. биологиялық. <латын тілі. bassa> Гүл аналығының біріккен бір немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан түзілген түрлі-түсті, көптұқымды шырынды жеміс. Ж и д е к т і ң құрамында организмге пайдалы органикалық заттар болатындықтан, тамаққа, дәрілік мақсатқа пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Тамақ.). Ж и д е к витаминге бай, емдік және диеталық қасиеттері бар тағам (Қаз. тілі термин. Тамақ.). Қарақаттың бұл түрінен де варенье, желе кисель, сироп, компот және ж и д е к шарабын жасайды (М.Қажымұратов, Пайдалы өсімдік.).