Жидектей

lat: Jıdekteı

сын есім. 1. Піскен жидектей уылжыған, тырсиған. Жаңа бой түзей бастаған жасөспірімнің мойылдай қара көзі жылтырап, бұртиған ерні піскен ж и д е к т е й қызара бөртіп тұр (Ж.Арыстанов, Таң жұлдызы). Оның тапқырлығына, ойының жедел, тілінің өткірлігіне таңданған Ораз піскен ж и д е кт е й ісінген ернін шала ашып, ойлы көзін тіктеп Нұриладан аумайды (Ж.Арыстанов, Жер ұйығы.). 2. ауыспалы мағына. Өрімдей. Серуендеп сексен жасқа келіп қаппын, Ж и д е к т е й жас болсам да, мен кешегі (Ғ.Малдыбаев, Желдірме).