Жиен күйеу

lat: Jıen kúıeý

этнографиялық. Нағашы жұртынан қыз алған жігіт. Ел ішінде жиенді бөтен рудың өкіліне есептей отырып, нағашы жұртына үйлендіру салты да сақталған. Оны ж и е н  к ү й е у дейді (ҚҰЭ).