[араб тілі. ] з а т. 1. Үстел, орындық, шкаф, диван сияқты үй мүлкі. Соғыс болғалы қала халқының көп ж и һ а з ы осы ауылдан, айрықша Тәңірберген мен Ебейсіннің үйінен шығып жатыр (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). Ойлады: «Кейбіреулер болады бай, Не түрлі қажетінің бәрі де сай. Жайлы орын, жақсы тамақ, жиған ж и һ а з, Қанағат етіп соған тұрмайды жай (А.Байтұрсынов, Шығ.). Несібелінің ж иһ а з ы мен кәкір-шүкірі недәуір боп шықты (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен). 2. Дүние-мүлік, жиған-терген, байлық. Асыл ж и һ а з, дүниеге толған осы ақ ордада түкті кілемге төселген шайы көрпе үстінде, ақ мамық жастықтарды шынтақтай он шақты кісі отыр (I.Есенберлин, Қатерлі.). Дүнияда не қажет, Керегіңнің бәрін ал. Қызметкер – күң мен құл, Өлі ж и һ а з, тірі мал (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Атқа толды күндіз-түн Қос алаптың бауыры. Сейіткерейді жағалап, Байлар пара ұсынды. Алтын, күміс, ж и һ а з д ы Топ-тобымен түсірді (О.Шипин, Дастан.). 3. Пайдалану мақсатына қарай қонақ бөлме, жатын бөлме, балалар бөлмесі, асүй, кіреберіске арнайы шығарылған, ағаштан жасалатын мүлік. Ж и һ а з д ы негізінен ағаштан және ағаш материалдардан (ағаш жоңқалы немесе талшықты тақташалардан, үйеңкіден т.б.) жасайды (Қаз. тілі термин. Тамақ.). 4. ауыспалы мағына. Рухани дүние. Ізгілігін зұлымдыққа талатқан, Аққу құсқа оқ атқан. Барлық алтын уақытының ж и һ а з ы н Пенделіктің орманында тонатқан, Көрдей қара тұман жапқан көңілін Ең сорлы жан мен болайын, Ең соңғы хан мен болайын, Тәңірім?! (М.Шаханов, Ғасырлар.).