сын есім. 1. Тез, дүркін-дүркін. Баяндамашы қолын ж и і сермеп, жоғары әуенмен сөйлеп тұр (Ә.Нұршайықов, Тың астығы). Дабыл ж и і қағылып, Оятады ұйқымнан. Тек түсіме енеді, Алыстағы үй-туған (С.Мәуленов, Алыс кет.). Ояз ішінде қазақтың атқа ж и і мініп, жауынгерлікке бет алып бара жатқаны байқалады (М.Әуезов, Қараш.). Сарқасқа талықсып едәуір жатты. Бірақ бұл жолы оның кірпігі ж и і дірілдеді (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.). 2. Тығыз, қалың; сирек емес. Дүниежүзінде ең халқы ж и і өлкенің бірі – Индияның осы Бенгали уәлаяты болса керек (М.Әуезов, Индия. очерк.). Үй арасына үй сыймастай ж и і тігілген (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке). Тұрақты жұмыс істеп келген ж и і және шағын етіп қазылған арық-атыз жүйелері жайылып, суармалы жерлердің көмегі толық пайдаланылды (М.Ерлепесов, Суармалы егін.). // Үзбей, үнемі, әрдайым. Ол Москваға кеткеннен кейін өзара ж и і хат жазысып тұратынбыз (С.Мұқанов, Есею жыл.). Бұрынғыдай емес Жәркенмен ж и і ұшырасып, оның үй ішімен де таныс болып алдым (А.Жұмаділдин, Сең.). Жүрегімнің төріне әкеп сезім отын тастадың, Содан болар өзің жайлы ж и і ойлана бастадым (М.Шаханов, Ғасырлар.). Ата кегін алмаққа, Ат терлігін кептірмей, Ж и і аттанды қалмаққа. Дау аяғы айналды Жазылмас ауру толғаққа (Дулат Бабатайұлы, Замана.).