lat: Jınaý, jıý, toptaý, shoqtaý, shoǵyrlaý
Бір нәрсені, малды немесе біреулерді бір жерге басын құрап жиыстыру.
Офицерлерін қарусыздандырып, жасөспірімдерді жинап әкеліңдер (Қ. Қайсенов).
Бар кедейді жиып келеді де, өткен түнде түсімде көргенді дәл өңімде істейді (3. Жәкенов).
Ауыл қотанымен сиырды топтап айдап, Жүсіптер басқарма кеңсесіне келді (Б. Майлин).
Қазанғап жылқыны шоқтап қойды да, жаяу жүріп өзі ұстады (Ғ. Мұстафин).
Ол осы жерде қалың көштің алды-артын тез шоғырлап, суыт жүріспен Шығыс Түркістан даласына келіп жетті (3. Жәкенов).