lat: Jınaqtalý
Жинақтал етістігінің қимыл атауы. Байлықтың, әсіресе, малдың шонжарлар қолына ж и н а қ т а л у ы н д а соғыстардың үлкен рөлі болды (ҚазССР тарихы). Моңғолияда тұратын қазақтардың ауыз әдебиеті өзінің тарихы, өсіп жетілуі, зерттелу, ж и н а қ т а л у, жағынан қазақ ауыз әдебиетіне байланысты (Бозінген). Көне аспаптардың ж и н а қ т а л у ы арқасында 1970 жылдардан бері республикамыздың әр жерінде арнаулы ансамбльдер ұйымдастырыла бастады («Қаз. әдеб.»). Күздікті негізінен парға, жаздық дақылды зябьке егуде егістікке ылғал мен құнарлы қоректің мол ж и н а қ т а л у ы н қамтамасыз етеді («Лен. жас»).