Жираф

lat: Jıraf

[француз тілі. girafe] зат есім. зоологиялық. Мойыны, сирақтары ұзын келетін Африкадағы теңбіл түсті, жұп тұяқты, күйіс қайтаратын жануардың бір тұқымдасы. Африкадағы бушмен тайпалары арыстанның, ж и р а фт ы ң, зебрдің исін иіскеп жүріп-ақ оңай тауып алады (Қ.Жарықбаев, Психология). Топтың орта шенінде ж и р а ф қ а ұқсаған, мойыны сала құлаш, қара шұбар арғымақ сонадайдан көзге түседі (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш). Құрық мойын, ұзын сирақ, Міне, мынау тұрған ж ир а ф. Кереге көз көйлегі бар, Өмір өзі берген сыйлап (Т.Әбдірахманова, Білесің бе?).